Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып сайланды

11.06.2022

Бүгін Абай облысына да әкім тағайындалды. Аймаққа Нұрлан Ұранхаев басшылық ететін болды. ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу өңірдің барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиынына қатысып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысы әкімі лауазымына Асхат Смайылов пен Нұрлан Ұранхаевтың кандидатураларын ұсынды. Мәслихат депутаттарының көпшілік дауысымен Нұрлан Ұранхаевтың кандидатурасы мақұлданды. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары сынды жауапты қызметтерді атқарған. Өңірдің тумасы қазіргі Абай облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы таныс. 

Хабарламаларға жазылу