Ғасыр жобасы: Тұрғындар АЭС салуға қарсы емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғасыр жобасы: Тұрғындар АЭС салуға қарсы емес

10.06.2022

Атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылында салынатын болды. Бұл елдімекен өткен ғасырдың 80-ші жылдары ірі энергетикалық кешен тұрғызу мақсатында құрылған. Балқаш көлінің жағасындағы ауылда 2000-ға жуық адам бар. Басым бөлігі балық шаруашылығымен айналысады. Тұрғындар атом электр станциясының салынуын 30 жылдан бері күтіп келеді. Құрылысқа мыңдаған адам жұмылдырылмақ. Ірі инвестициялық жоба салық төлемдері, бюджеттің еселенуі және елдімекен инфрақұрылымының дамуына септігін тигізеді жергілікті халық. Қазір мұнда бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен балабақша, жатақхана сияқты әлеуметтік нысандар қаңырап бос тұр .

Юрий Шейкин, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты:

Баяғыда біз сол жас кезімізде келгенбіз, стройкада жұмыс істейміз, тұрамыз осы жерде деп. Енді өзіңіз көрдіңіз бе пенсияға жеттік, әлі жоқ. Өзгеріс көп болады. Жұмыс орындары болады. Көп адамдарда жұмыс жоқ. Көріп жүрміз балықпен айналысып жатыр.

Гүлнар Асанова, Үлкен ауылдық орта мектебінің мұғалімі:

Біз өзіміздің елімізде, жерімізде шығып жатқан, артығымен шығып жатқан уранды өз қажетімізге жаратуымыз керек. Бұл біріншіден. Екіншіден кез-келген дамыған елдің қатарына енуіміз үшін бізге атом электр станциясы керек деп ойлаймын. Тәуекел деп өскен қазақпыз ғой. Тәуекелге бел буып, осы елімізде атомный станциясының болғанын бәріміз қолдайық деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу