Северодонецк қаласында шайқас жалғасып жатыр
Украинаның Северодонецк қаласында жергілікті армия мен ресейлік жауынгерлер арасында шайқас жалғасып жатыр. Бүгін украиналықтар алға ілгерілегенін және қарымта шабуылға кірісіп, қарсы жақты кейбір кварталдардан шегіндіргенін хабарлады. Ресей армиясы Североднецк және Лисичанск қалаларын басып алып, Луганск облысын жаулауды көздеп отыр. Сонымен қатар, Мәскеу оңтүстіктегі Херсон және Запарожье облыстарына да өз тәртібін енгізуге күш салып жатыр. Алайда, Украина қарулы күштері Херсонда кейбір территорияларды қайтара бастағанын жариялады. Киев қазір Батыстан артиллериялық қару да алып жатыр. Алыс қашықтыққа арналған зымыран жүйесі жеткізілсе, Украина алдағы айларда Ресей күштерін ел аумағынан ығыстырудан үмітті.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06