Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында «Fortescue Future Industries» компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь ФиногЕновті қабылдады. Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды.
Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсатының бірі. «Fortescue Future Industries» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және «жасыл» сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты. Игорь ФиногЕнов геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.