«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлері кеңесі қорытындыланды
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлері кеңесі қорытындыланды. Қатысушы елдер есеп айырысуда ұлттық валюта қолдануды ұлғайтатынын айтты. Ал, нақты біздің елмен байланысқа келсек, арадағы шекаралық бақылау-өткізу бекеттерін толық ашып, әуе қатынасын қалпына келтіруге келісті. Теміржол бағыттарын әртараптандыруға уағдаласты. Сондай-ақ, Сиань мен Ақтөбе қалаларында бас консулдықтар, мәдени орталықтарды ашуға ымыра бар. Қытайдың қолдауымен Қазақстанда дәстүрлі қытай медицинасы орталығы және техникалық колледждерді құру жоспарланып отыр.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Біздің диалог аясында жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға, оның елеулі мүмкіндіктерін ашуға және Орталық Азия өңірін бейбітшілік, достық, өзара көмек, орнықты даму және үйлесімділік кеңістігіне айналдыруға мүдделілігімізді кезекті рет растаймыз. Бұл кездесудің мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай өтуі өте маңызды.
Ван И, ҚХР мемлекеттік кеңесінің мүшесі, сыртқы істер министрі:
Орталық Азияның гүлденуі мен орталық болашағы, дербестігі мен бейбітшілігі үшін күш біріктіреміз. Біз жоғары сапалы ынтымақтастықты жалғастырып, көпқырлы кооперацияны кеңейтеміз. Тиісінше қаржылық тетіктерді құру мүмкіндігін қарастырып, ұлттық валютада есеп айырысуды одан ары кеңейтеміз.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13