Бангладеште алапат жарылыс: Құрбандар саны 49-ға жетті
Бангладеште алапат жарылыс құрбандарының саны 49-ға жетті. Тағы 200-ден астамы жараланған. Қаза тапқандардың бесеуі - өрт сөндірушілер, зардап шеккендердің 10-ы – полицейлер.
Қайғылы оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Ситакунда қаласының маңында болған. Мұнда химиялық зат қойылған контейнерлер жарылған. Лапылдаған жалынды сөндіруге сарбаздарды да тартуға тура келді.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, қатты дүмпуден маңайдағы елді мекендер теңселіп, ғимараттардың терезелері сынған.
Мерт болғандардың саны өсуі мүмкін. Өйткені, жараланғандардың арасында хал үстінде жатқандар бар.
Бангладеш үкіметі апаттың себебі мұқият тергелетінін және құрбандардың туған-туыстарына өтемақы төленетінін мәлімдеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06