Қазақстанда федералдық билік пен жергілікті биліктің арасы өте алшақ – Еуропа сарапшысы
«Супер президенттік басқару жүйесінен мықты Парламенті бар Президенттік республикаға көшу – билік институттарының тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, елдің орнықты дамуына серпін береді». Бұл Еуропа сарапшыларының пайымы.
Ата заңға енгізілетін өзгерістермен жіті танысқан олар, "ықпалды парламент, халыққа есеп беретін үкіметі бар мемлекеттің" шетелдегі имиджі де жоғары болатынын айтады. Сондай-ақ сарапшылар жергілікті әкімдіктердің автономды болуы үшін Қазақстанның Еуропалық өзін-өзі басқару хартиясын ратификациялағанын қолдайды.
Марат Тертеров, Энергетикалық хартияның сарапшысы:
Сіздерде федералдық билік пен жергілікті биліктің арасы өте алшақ. Мұнда қарапайым ауданның әкімі министрмен, Премьер-министрмен тең дәрежеде тілдесе алады. Муниципалды әкімдіктер саяси, әкімшілік, қаржылық тұрғыдан автономды. Осы деңгейге жету үшін елдеріңіз саяси күштерді, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыруды қолға алмақ. Бұл да демократияның бір түрі. Себебі, демократиялық қоғамда бәрінде тең мүмкіндік болуы тиіс.
Ипек Текдемир, Еуропалық Парламенттің саяси сарапшысы:
Президенттің өкілеттілігін қысқартып, сайлау үдерісіне өзгеріс енгізу, саяси партияларды қайта құру сынды маңызды реформалар Қазақстанды жаһанға жаңа қырынан танытудың, Жаңа, Әділетті Қазақстан құрудың бастамасы. Саяси модернизациясыз тиімді экономикалық дамуға қол жеткізу, азаматтық қоғамды дамыту, елдің егемендігін сақтап қалу қиын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39