Еңбек адамдары марапатталды
Еңбек адамдары марапатталды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Ауыл» партиясы өндіріс үздіктеріне 10 мемлекеттік және 50-ге жуық ведомстволық награда табыстады. Партия төрағасы Серік Егізбаев «Бұл марапаттардың Президенттің ел дамуына елеулі үлес қосқан қарапайым еңбеккерлер мен азаматтарға деген жоғары бағасы мен ерекше құрметінің көрінісі» екенін атап өтті. Осылайша «Парасат», «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалі өз иелерін тапты. Одан бөлек, әр салада адал қызмет еткен мамандарға наградалар берілді. Ішінде біздің өңірлердегі әріптестеріміз «Үздік оператор», «Режиссер», «Үздік монтаж», «Үздік тележурналист» номинацияларын иеленді.
Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
Біз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Ал азық-түлікпен қамтамасыз ететін - еңбеккерлер. Ол комбайыншылар, фермерлер, мал бағатын адамдарымыз. Біз ең бірінші еңбек адамдарын сұрастырып, ұсындық. Енді міне, ортамызға келіп, Президенттің жарлығымен берілген үлкен марапаттарды тапсырып, жақсы шара өткізіп жатырмыз.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05