Жамбыл облысында 24 елді мекеннің тұрғындары көгілдір отынды күтіп жүр
Жамбыл облысындағы ең үлкен аудан Мойынқұмда әлі күнге газ жоқ. Басқа көрші аудандар халқы көгілдір отынның игілігін көргенімен, Мойынқұмға ол игілік әлі жетер емес. 24 елді мекеннің тұрғындары биылғы қысты тағы да газ тұтатпай, көмір жағып өткіземіз деп отыр. Отыз мыңнан аса халық тұратын Мойынқұм ауданы өңір бойынша газ тартылмаған жалғыз аудан саналады.
Аудан орталығы Мойынқұм ауылында көп пәтерлі биік үйлер бой көтермеген. Еңселісі екі қабаттан аспайды. Дәл осындай 12 үй қарашаның қара суығында айналаны көк түтін қылып, көмір жағады. Өйткені кеңестік кезден бері көгілдір отын кірмеген. Сондықтан аула айналасы көмірхана, пәтерлерінде пеш жағады. Ал суды сырттан тасиды. Дәретханасы да далада. Жұрт газдың жоқтығынан инфрақұрылым игілігін көрмедік, дейді.
Диана Қасымова, Мойынқұм ауылының тұрғыны:
Анау көшеде қиған ағаштардың бәрін тасып алып, әне отын қылып, соны жинап отырмыз. Тамыздық қыламыз деп. Отын түсіреміз, көмір түсіреміз. Қолымызбен күйе-күйе болып от жағамыз. Жиналыс жасап бүкіл халыққа айтқан осы 2026-ға дейін кіреді деп. Әлі кірген жоқ қой, әлі қозғалған жоқ қой. Сол жерде тұр ғой.
Иә ел айтқандай екі жыл бұрын ауылдарға газ кіреді деген ақжолтай хабар тарайды. 9 ауыл құбырының құжаттамасы әзірленіп, жоба 7 кезеңге бөлінеді. Бүгінде 1-ші бағыт бойынша жұмыс 90%-ға аяқталған. Ал Айдарлы, Бірлік және Бизанар ауылдарына газ жеткізетін 68 шақырымнан астам құбырдың 12 шақырымы бітпей тұр. Өйткені қаржы тапшы. Ал қалған 6 ауылға көгілдір отын кіргізу алдағы 4 жылда толық аяқталмақ.
Қазыбек Қыдыров, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
2025 жылға 10 млрд теңге республикалық бюджеттен қарастырылды және 1,1 млрд теңге облыстық бюджеттен қарастырылып, толық игеріліп, газ құбырының жалпы ұзындығы 52 шақырымға жеткізіліп, толық аяқталды. 2026 жылға осы жобаны толық аяқтау үшін 4,1 млрд теңге қаржы қалып отыр.
Энергетиктер елді мекендерді межелі мерзімде толық қамту үшін республикалық бюджетке өтінім дайындамақ. Ал жобаға енбеген өзге 15 ауылға қашан құбыр тартылынатыны әзірге жоспарда жоқ. Айта кетейік, бүгінде аймақтағы 86 ауыл газға жете алмай отыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
40 жасында тракторшы атанған Айгүл Сағынаева
01.11.2025, 17:21
Еңбек адамдары марапатталды
01.11.2025, 17:20
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі өтті
01.11.2025, 17:20
Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген
01.11.2025, 17:19
Абай облысында аграрлық саланың даму мәселелері талқыланды
01.11.2025, 17:18
Ақтөбеде 35 мың орындық стадионның құрылысы басталды
01.11.2025, 17:18
«Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды
01.11.2025, 17:17
Фейкті шынайы ақпараттан қалай ажыратуға болады?
01.11.2025, 17:17