40 жасында тракторшы атанған Айгүл Сағынаева
Абай облысы Жарма ауданының тұрғыны , Айгүл Сағынаева 40 жасында тракторшы атанды. Нәзік жанды шаруашылығын дамытып, жолдасына қолғабыс болу үшін осындай қадамға барған. Өйткені өңірде механизаторлар тапшы. Сондықтан ауыр техниканы басқаруды «Жұмысшы мамандығы» жылында ашылған арнайы курста оқып үйреніп алған. Енді тракторды тізгіндеп, шаруашылығындағы қыруар шаруаны өзі-ақ тындырып жүр.
Кәсіпті ердікі, әйелдікі-деп бөлуге болмайды дейді Айгүл Сағынаева. Сондықтан шаруашылықтың жұмысын жандандыру үшін осындай шешімге келген. Ауыр техниканы тізгіндеуді ауыл колледжінен оқыды. Нәтижесінде биыл жаз бойы қызу науқанға араласты.
Айгүл Сағынаева, тракторшы:
Әкем тракторист болған. Өмір бойы «К-700» жүргізген. Сол техникаға жақын болдым. Бізге қазір сондай маман өте қажет болып тұр. Табу қазір нақты, тұрақты тракторист оңай емес. Содан жұмыссыз ретінде тіркеліп, осындай оқуға түстім. Содан білім алып, практикадан өттім.
Айгүл Алтай өлкесінде дүниеге келген. Кейін Қазақстанға көшіп, Семей қаласында жоғары экономикалық білім алған. Тұрмыс құрып, ауылға қоныстанған. Біраз жыл есепші, аспазшы болып жұмыс істеді. Қазір жұбайы, Ерлан екеуі мал шаруашылығында. Айгүлдің арланбай, кез-келген еңбекке араласатындығына тәнтіміз-дейді туыстары.
Нұртуған Сағынаев, қайын атасы:
Келінім жарайды! Барлығын істей алады. Күйеуіне шаруашылықта көмектеседі, сиыр сауады, трактор айдайды, малға қарайды.
Қазір өңірде ең сұранысқа ие мамандар – дәнекерлеушілер, тракторшы, тігіншілер мен шаштараз. Сондықтан жергілікті билік биыл 340 адамды оқыту жоспарлаған. Олардың 240-ы қазірдің өзінде кәсіп меңгеріп, жұмыс тапқан.
Еркебұлан Тұрсын, облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры:
Сұранысқа ие мамандықтардың барлығының тізбесі жасалған. Жалпы 12 оқу орнында осы оқу жұмыстары жүргізілді. Бүгін бізде 200 ге жуық мекемеден сұраныс түсіп отыр. Оның ішінде өздеріне қажетті мамандарды біздің мәнсап орталығы арқылы сұраныс жасап, жұмыссыз азаматтарды сол компанияларға жұмысқа орналастыратын боламыз.
Ауылда тынымсыз еңбек етсең ғана табысқа жетесің”-дейді Айгүл. Сондықтан, екі баланың анасы ешқашан бос отырмайды. Шұжық пен сүт өнімдерін жасап сатады. Бау-бақша баптайды. Енді шаруашылықтарын ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашпақ ойда.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбек адамдары марапатталды
01.11.2025, 17:20
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі өтті
01.11.2025, 17:20
Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген
01.11.2025, 17:19
Абай облысында аграрлық саланың даму мәселелері талқыланды
01.11.2025, 17:18
Ақтөбеде 35 мың орындық стадионның құрылысы басталды
01.11.2025, 17:18
«Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды
01.11.2025, 17:17
Жамбыл облысында 24 елді мекеннің тұрғындары көгілдір отынды күтіп жүр
01.11.2025, 17:17
Фейкті шынайы ақпараттан қалай ажыратуға болады?
01.11.2025, 17:17