Абай облысында аграрлық саланың даму мәселелері талқыланды
Сенаторлар Абай облысына жұмыс сапарымен барып, аграрлық саланың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл инфрақұрылымын жақсарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ, өндіріс ошақтарында заманауи технологияларды қолдану аясын кеңейту маңызды екені айтылды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 190 шақырымнан астам жол жөнделіп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 47 жоба жүзеге асырылған. Биыл тоғыз айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 339,5 миллиард теңгеге жетіп, былтырмен салыстырғанда 22 пайызға өскен. Жұмыс сапары аясында депутаттар облыстағы өндіріс орындарын аралап, ет өңдеу және консервілеу кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04