Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің төртінші кезеңі өтті
Президенттік жастар кадр резервіне бәсекелестік жоғары. Биыл бір орынға шамамен 148 адам бақ сынаған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті. Биыл 31 мыңнан астам үміткердің ішінен 7 436 адам іріктеліп, алты кезеңнен 50 маман сүрінбей өткен. Бүгін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы жастар кадр резервінің төртінші іріктеуінің резервистерімен кездесіп, басқару құзыреттерін дамытуға арналған білім беру бағдарламаларына қатысу мәселелерін талқылады.
Жасұлан Қуандық, резервист:
50 жас іріктелініп алынды. Енді бұл кадр резеврінің ерекшелігі дәл осы іріктеуден өткен қатысушылар алдағаы уақытта конкурстан тыс мемлекеттік және әкімшілік қызметтерге тікелей тағайындалатын болады. Енді өзімді дәл осы әлеуметтік саладағы лауазымды қызметте көремін, әрине. Халықпен тікелей жұмыс жасайтын, әсіресе жастар саясатындағы бағытта жұмыс жасағым келеді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
11.09.2026, 13:27
Е. Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 13:24
Астанада мамандар отбасы институтының өзгерісін талқылады
11.09.2026, 13:18
Тараздағы қоғамдық көліктің 85%-ы жаңартылды
11.09.2026, 13:15
Павлодар облысында шалғай елді мекендердегі үйлерді жаңартуда
11.09.2026, 13:12
1 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне маска тағу міндеттеледі
11.09.2026, 13:09
Жаңаөзен ауруханасынан 223 млн теңге жымқырылған
11.09.2026, 13:06
Президент Үндістанға жұмыс сапарымен барады
11.09.2026, 13:03