Басты Жаңалықтар Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген

Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген

Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген. Жыл соңына дейін сан 500 мыңнан аспақ. Бұл туралы Сенаттың көшпелі отырысында айтылды. Депутаттар ішкі туризмді ілгерілету, инфрақұрылымды жетілдіру және салаға кәсіпкерлерді тарту мәселелерін талқылады. «Тарихи туризмді дамыту - тек туристерді тарту үшін емес, ұлттық жадыны сақтау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстанның халықаралық бет-бейнесін нығайту үшін қажет», - деді комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп. Депутаттар сапар барысында тарихи және экологиялық туризмнің негізгі нысандары - Қараман ата қорымы, Ыбықты шатқалы, Шопан ата мен Бекет ата жерасты мешіттері, Бозжыра шатқалына барып, сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Инфрақұрылымға байланысты, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты, мамандар даярлау мәселесі, гранттар бөлу – тағы да біраз мәселелер ортаға салынды.Тиісті өкілетті органдарға ұсынатын боламыз. Сол арқылы заңдық тұрғыда, құқықтық тұрғыда шешуге ықпал етеміз.

Бөлісу