Қазақ өнерпаздары Түркияда өнер көрсетті
Түркияның Мерсин провинциясына қарасты Торослар ауданында қазақстандық «Тұран» этно-фольклорлық тобының концерті өтті. ХХ Мерсин халықаралық музыка фестивалі аясында өткен кеште түркі халықтарының ескі туындыларымен қатар, заманауи шығармалар да орындалды.
Түркиядағы тарихи сериалдарда жиі ойналатын қазақ күйлері арқылы «Тұран» тобының шығармашылығымен жақсы таныс жергілікті көрермен өнерпаздарға қошамет көрсетті. Тіпті Торослар мэрі Атсыз Афшин Йылмаз, қазақстандық топпен бірге сахнада ән салып, көрерменнің ілтипатына бөленді. Концерттен соң жергілікті басшылар қазақ өнерпаздарына сый құрметтерін көрсетіп, сыйлықтар тарту етті.
Атсыз Афшин Йылмаз, Торослар мэрі:
Біз осы аумалы-төкпелі әлемде Түркі мемлекеттері ұйымының белсенділігі арқылы әлеуметтік, саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуымыз керек. Мұстафа Кемал Ататүрік айтқандай, ұлтымыз бен мемлекетіміздің одан әрі мықты болуы үшін шығыс пен батысты жақындатуымыз қажет. Біздің күшіміз бірлікте. Концертке қатысқан барша жерлестеріме алғыс айтамын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімді саламын
29.09.2026, 23:27
Елімде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын – Мемлекет басшысы
29.09.2026, 23:13
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05