Вашингтон Киевке 700 млн долларға әскери жәрдем бермек
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 700 миллион доллардың қаруын беретінін ресми түрде жариялады. Әскери жәрдемге 80 шақырым жердегі нысанды қирататын зымыран жүйесі кіреді.
Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің мәлімдеуінше, Украина бұл артиллериялық арсеналмен Ресей территориясын атқыламауға уәде берген. Сондықтан Вашингтон жеңіл қозғалатын озық ракеталық жүйені Киевке жіберу туралы шешім қабылдап отыр.
«Украина мен АҚШ арасында үлкен сенім бар», - дейді Блинкин Вашингтонда НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен өткен баспасөз маслихатында.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Америка Киевке «Сұр қыран» деп аталатын 4 әскери дрон жөнелтуді де жоспарлап отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06