Қаңтар оқиғасы: Алматыда 1066 қылмыстық іс тергелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Алматыда 1066 қылмыстық іс тергелуде

01.06.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде зорлық-зомбылық, қирату және билік өкіліне қарсы күш қолданудың ең ауыр фактілері Алматыда тіркелді. Бүгін Бас прокуратура осы қалада жасалған қылмыстардың мән-жайын айтты. Ғимараттарды басып алу, өртеу және қарулы шабуылдар кесірінен Алматы қаласы бойынша алдын-ала шығын 98 млрд теңге болған. Оның ішінде 1592 кәсіпкерлік нысанға 92 млрд теңге залал келген. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар полиция мен әскерилерге шабуыл жасады. Сол кезде құрылымдық күштердің 9 қызметкері қаза болып, 2260-ы дене жарақатын алған. Қозғалған қылмыстық істер бойынша 1 мыңнан астам күдікті бар. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:

Қаңтар оқиғасы кезінде жасалған барлық қылмыстар бойынша тергеу органдарымен Алматы қаласында барлығы 1066 қылмыстық іс тергелуде. Оның ішінде 5-і жаппай тәртіпсіздік, 5-і терреоризм актілері бойынша. Соттың санкциясымен 205 адам қамауда.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу