АҚШ Украинаға Ресей аумағына жетуге қауқарлы зымыран кешендерін бермейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украинаға Ресей аумағына жетуге қауқарлы зымыран кешендерін бермейтін болды

31.05.2022

АҚШ Украинаға Ресей аумағына жетуге қауқарлы зымыран кешендерін бермейтін болды.

Мұны Ақ үй басшысы Джо Байден журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Өткен аптада америкалық жетекші басылымдар "Вашингтон Киевке алыс қашықтыққа ататын зымырандық жүйені беретін болды" деп жазған еді. Ал Байден болса, Украинаға көмектескісі келетінін, алайда Ресей шекарасын шабуылдауға қолданатын қаруды беруге қарсы екенін мәлімдеді.

Ресми Киев Батыс елдерінен жүздеген миль қашықтыққа ататын реактивті жүйе беруін бірнеше мәрте сұрады. Украина Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елге Даниядан кемеге қарсы "Гарпун" зымырандары, ал АҚШ-тан өздігінен жүретін гаубицалар жете бастады. Ресей әскері басып кіргелі, Украинада мыңдаған адам қаза тауып, миллиондағаны босқынға айналған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу