Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында сапасыз салынған үйдің құрылысына тұрғындар шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында сапасыз салынған үйдің құрылысына тұрғындар шағымданды

31.05.2022

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында сапасыз салынған үйдің құрылысына тұрғындар шағымданды. Жұрт өзі түсірген бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеген.

«Жаңа Нұр» деп аталатын ықшам аудандағы мына тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылы маусым айында басталған. Оған бюджеттен 453 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Алайда жұрттың істеліп жатқан жұмысқа көңілі толмайды. Себебі үйдің қабырға кірпіштерін, арасына ешқандай цемент құймай, құр қалай салған. Ғимарат кез-келген уақытта құлауы мүмкін. Оның адам өміріне аса қауіпті екенін айтып, тұрғындар дабыл қағып отыр. Олар баспананы қайтадан сапалы етіп салып беруді талап етеді. Қазір арнайы комиссия құрылған. Мамандар ғимараттың сапасы бойынша тексеру жүргізеді. Ал әзірге құрылыс уақытша тоқтатылды.

Айқын Елеусізов. Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары:

Бұл комиссия бүгін бас мердігермен және техникалық қадағалау маманымен кездесіп, нысанды толық аралап шықтық. Бұдан бөлек арнайы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасының мамандары келді. Аталған мемлекеттік орган өз тарапынан қорытынды бере жатар. Дей тұрғанмен біз арнайы комиссия осы нысан бойынша күнделікті қадағалау жүргізетін боламыз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу