Омарташылардың санын 50 мыңға жеткізу керек. Ол үшін аяқсыз қалған «Агробілім бағдарламасын» қайта қолға алған жөн. Қазір елімізде 12 мыңға жуық омарташы бар. Тоқсан пайызы жеке отбасылық шаруашылық. Олар жыл сайын 10-12 мың тонна бал жинайды. Бұл өте аз. Олардың санын көбейтсек экспортты да еселеп арттыруға болады.
Шығыста биыл көктем ерте шықты. Соған сәйкес омарташылар да жайлауға көшіп болды. Қазір ұяшықтарды орналастырып жатыр.
Бұл ұяшықты таразыға таңғы жетіде қойғанбыз. Міне, қазір сағат 12 болып қалды. 600 грам бал жиналды. Енді кешке дейін кем дегенде 1 келі 200 грамм қосылады. Осылай жаз бойы тынбай еңбек етсе өнім мол болады.
Өнім мол болуы үшін омарташылар өндірістік кооперативке бірігіп жатыр. Бұл осы саланың дамуы мен балдың сапасын жақсартуға септігін тигізбек. Жалпы ара өсіретін шаруашылықтардың 70 пайызы шығыста шоғырланса, оңтүстік пен Жамбыл және Алматы облыстарында енді дамып келеді. Солтүстік пен орталықта тек отбасылық кәсіп төңірегінде. Батыста да солай. Өйткені омарташылық оңай кәсіп емес.
Олжас Керейхан, тілші:
Омарташылардың айтуынша бір ұяшықта 50 мыңнан 100 мыңға дейін бал арасы болады. Олар балды мынадай арнайы тақтайшада жинайды. Ауа райы ерекше күтім жасалған жылы бір маусымда 50-ден 150 келіге дейін бал алуға болады. Мәселен мынау өнімді ең көп беретін «Карпат» деген бал арасының түрі.
Жыл сайын 10-12 мың тонна бал жиналса оның 300 тоннасы ғана экспортталады. Негізінен Ресей мен Қытайға және аздап АҚШ-қа жөнелтіледі. Ал ішкі сұранысқа 1,5 мың тонна бал артығымен жетеді. Бұрынғыдай мемлекттен бұл салаға субсидия да берілмейді. Қазір ең негізгі мәселе кәсіби омарташылардың аздығы қолбайлау.
Валерий Қасымбаев, Республикалық омарташылар қауымдастығының төрағасы:
Омарташыларды оқытуды нақты нақты қолға алу керек. Ол үшін теория мен тәжірибе қатар жүру керек. Өйткені жұмысы өте ауыр екенін жас маман жете түсіну керек . Ала жаздай күннің астында жүріп еңбек ету оңай емес. Бұрын «Агробілім» деген жақсы бағдарлама болған. Сол қайта жаңғырса олқылықтың орны толар еді.
Облыста омарташы манын оқытатын бір жоғарғы және бір колледж бар. Бұл мамандыққа 2020 жыл 20, былтыр 28, ал биыл 48 студент қабылданған. Қазір солардың бәрі ара шаруашылықтарында бөлініп тәжірибеден өтіп жүр.
Алма Кітапбаева, кафедра меңгерушісі:
Бұлар оқу орнын бітргеннен кейін кәсіпкерлікпен айналысуға және мына үлкен-үлкен кәсіпорындар жұмысқа шақырып отыр. Яғни бұлар болашақта жүз пайыз жұмыспен қамтамасыз етіледі- деп, сеніммен айта алам.
Қазір ішікі нарықта балдың келісінің ең төменгі бағасы мың теңгеден болса, шетке аз дегенде 10 доллардан саудалауға болады. Ол үшін омарташылардың саны мен балдың сапасын арттыру мәселесі тұр.
Олжас Керейхан