Елімізде прокурорлардың қадағалау тәртібімен, өткен ғасырда қуғын-сүргінге ұшыраған 250 мыңнан астам азамат ақталды. Олардың көбі кезінде жер аударылған және күштеп көшірілген. Бұл туралы мемлекеттік хатшының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы берген сұхбатында айтылды. Ерлан Қариннің мәліметінше, 2020 жылы құрылған мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарында 316 сарапшы-ғалым бар. 261 адам жабық мұрағаттарда жұмыс істеген. Архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі жасалған. Құпиясыздандырылған құжаттар ғылыми тұрғыдан өңделіп, цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Алдағы уақытта қуғын-сүргін бойынша тарихи материалдарды бір жерге топтастыратын арнайы портал құру көзделіп отыр.
Берік Көшербай