Қарағандыда ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылды
Қарағандыда Еуропа қазақтарының бастамасымен, ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Оған шетелде жүрген қандастарымыз қаржы жинаған.
Таза гранит тастан қашалып жасалған ескерткіш, халқымыздың басына түскен нәубет кезеңдерді еске салады. Туындыда төңкерілген қазан және оған сүйеніп отырған ер азамат пен әйелдің бейнесі кескінделген. Еліміз тарихта екі үлкен ашаршылықты басынан өткерді.
Деректерге сүйенсек, 1919-1922 жылдар аралығында 1,5 миллион, ал 1931-1933 жылдары 2,5 миллионға дейін адам қырылған. Бұл - сол кездегі солақай саясаттан болған нәубет. Шараға Германиядан, мүсіннің авторы, Жармұхаммед Тілегенұлы келіп қатысты. Ол туындыны жасауға жарты жылға жуық уақыт жұмсаған.
Жармұхаммед Тілегенұлы, мүсінші:Екі дене, әйелі мен ер адам бір-біріне қосылғанда ортасындағы қуыстан төңкерілген қазанды көрсеттім. Төңкерілген қазан деген халқымыз біледі ғой, ол нағыз қиыншылық жағдайда қазан төңкеріледі.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
IPhone Duo смартфондарының экранынан ақау табылды
27.10.2026, 10:07
Бүгін Израильде парламент сайлауы өтеді
27.10.2026, 10:07
Балаларды қорғау жүйесі жетілдіріледі
27.10.2026, 10:06
Соңғы 7 жылдағы жетістіктер ел экономикасын ілгерілетті
27.10.2026, 10:05
1500 шақырым жолдың сапасы ЖИ мен цифрлық технология арқылы тексерілді
27.10.2026, 10:03
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат шығындарының мөлшері белгіленді
27.10.2026, 10:01
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33