Басты Жаңалықтар 1500 шақырым жолдың сапасы ЖИ мен цифрлық технология арқылы тексерілді

1500 шақырым жолдың сапасы ЖИ мен цифрлық технология арқылы тексерілді

Биыл Ақмола облысы бойынша 1500 шақырымнан астам автомобиль жолдары зерттелді. Оның 1200 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар. Оның сапасын тексеруде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өз жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды ителлектіні енгізуде. 

Бүгінде республикалық маңызы бар 41 мың шақырымнан астам автожол желісі толықтай цифрлық бақылаумен қамтылған. KazRoadLab цифрлық жүйесі тапсырыс беруші мен мердігерді және жол сапасын тексеру ұлттық орталығының мамандарын өзара байланыстырады. Нәтижесінде қағаз айналымы қысқарып, ақпарат алмасу 24 есе жеделдеген. Сондай-ақ жолдың сапасы жасанды интеллект арқылы тесеріледі. Арнайы бейнекамералармен жабдықталған кешенді көліктер жолмен жүре отырып, асфальт жабындысының беріктігін, тегістігін және геометриялық жағдайын өлшейді. Жасанды интеллект санаулы уақытта сызаттар мен шұңқырлар сияқты 8 түрлі ақауды тауып, оның өлшеміне дейін есеп береді.

Нұрбек Ғұмырзақ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалының мемлекеттік есеп технигі:

Жол жамылғысының жай-күйін тексеру үшін біздің жылжымалы жол зертханасы арнайы камералармен, датчиктермен, жасанды интеллектімен қамтылған. Бұрын 100 шақырым жолды тексеріп, есебін жасау үшін 4 тәуліктей уақыт кетсе, қазіргі кезде 4 сағатта жасап бере аламыз. Ол біздің жұмысты едәуір жеңілдетіп жатыр.

Бөлісу