Балаларды қорғау жүйесі жетілдіріледі
Елімізде балаларды қорғау жүйесі жетілдірілмек. Президенттің бастамасымен
бала құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған заңнамалық және институционалдық реформалар жүзеге асырылып
жатыр. Бұл туралы Оқу ағарту министрі мен БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты
зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілімен өткен жиында талқыланды.
Шарада алдағы 4 жылға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының басты бағыттары
таныстырылды. Сондай-ақ өңірлік бала құқықтарын қорғау басқармаларын құру,
зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қауіпсіздікті нығайту және балалардың, оның ішінде «111» байланыс орталығы арқылы
көмекке жүгіну мүмкіндіктерін кеңейту шаралары қарастырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы