Басты Жаңалықтар Бүгін Израильде парламент сайлауы өтеді

Бүгін Израильде парламент сайлауы өтеді

Бүгін Израильде парламенттік сайлау өтеді. Оның нәтижесінде үш жылдан бері Газада соғыс жүргізіп жатқан премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың билікте қалу-қалмау мәселесі шешіледі.

Негізгі бәсекелестер – Нетаньяху бастаған «Ликуд» ұлтшылдар партиясы мен бұрынғы бас штаб қолбасшысы Гади Айзенкот жетекшілік ететін консерваторлар. Екеуінің жеңіске жету мүмкіншілігі бір-бірімен шамалас.

Тағы бір айта кететін жайт – екі жақ та Палестина мемлекетінің құрылуына қарсы. Дегенмен, болжамдарға қарағанда, Израильде үкімет ауысса, Газада қарулы қақтығыстар тоқтап, халықаралық жоспар бойынша қалпына келтіру процесі басталуы мүмкін. Және де Айзенкот басым түссе, Батыс жағалаудағы арабтар еврей қоныстанушыларының шабуылдарынан қорғалады деген үміт бар.

Бөлісу