Басты Жаңалықтар IPhone Duo смартфондарының экранынан ақау табылды

IPhone Duo смартфондарының экранынан ақау табылды

Apple компаниясы экранынан ақау табылған iPhone Duo смартфондарын ауыстырып беруге дайын екенін мәлімдеді. Айта кетсек, бұл кемшілік бүктелетін телефондар саудаға шыққаннан кейін бірнеше күн өткенде анықталып отыр. Әлеуметтік желіде тараған фотосуреттерде олардың дисплейінен сызықтар байқалған.

iPhone Duo қазір кейбір елдерде 2700 долларға жуық бағаға сатылып жатыр. Дегенмен, онда пайда болған проблемалар қаншалықты ауқымды екені әзірге белгісіз.

Бөлісу