Мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат шығындарының мөлшері белгіленді
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат шығындарының мөлшері белгіленді. Тиісті қаулыларға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қол қойды. Шығын республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Атап айтқанда, кандидаттардың теледидар мен радио арқылы сөз сөйлеуіне, баспа немесе интернет-басылымдарда екі мақала жариялауға 290 мың - 410 мың теңге қарастырылған. Ал жария үгіт іс-шараларын өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға 130 мың мен 180 мың теңгеге дейін, көлік шығындарына әр кандидатқа 80 мыңнан 110 мың теңге аралығында бөлінеді. Еске сала кетейік, мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашада өтеді. Бүгін кешкі 18:00 ге дейін депутаттыққа кандидаттарды ұсынуға болады. Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу 1-қараша күні сағат 18:00-де аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат тіркелген сәттен бастап 28 қараша түнгі 12-ге дейін жалғасады. Ал 29 қарашада дауыс беру басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы