Әскери бөлімге қарулы шабуыл кезінде террористерге тойтарыс беріп, қаза болған Досбол Сапаровтың әкесіне автокөлік кілті табысталды
Әскери бөлімге қарулы шабуыл кезінде террористерге тойтарыс беріп, қаза болған Досбол Сапаровтың әкесіне автокөлік кілті табысталды.
Көлікті ұлттық ұлан сарбаздары Ресейде өткен дзюдодан халықаралық турнир кезінде ұтып алған. Ұлттық ұлан ұжымы бағалы сыйлықты әскери борышын өтеу кезінде қаза болған сарбаздың туыстарына тарту етуді ұйғарыпты.
Әлішер Әбдірасул, ҚР Ұлттық ұлан қолбасшылығы тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің басшысы:Біз ешқашанда Досболды әке-шешесіне қайтып бере алмаймыз, бұның барлығы ертең өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа біздің батырларымыздың даңқты дәстүрін жеткізу, ұрпақтар сабақтастығы ретінде сәл де болса Досболдың әкесіне көңілге демеу дейміз ғой сондай шара болды.
Еске сала кетейік, 2016 жылы Ақтөбедегі 66/55 әскери бөліміне лаңкестер шабуыл жасап, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді басып алуға ұмтылған болатын. Алайда жанқиярлықпен қарсылық көрсеткен әскерилер қауіптің бетін қайтарды. Дүрбелең кезінде екі әскери қызметкер мен бір сарбаз оққа ұшып, қаза болды. Олар президент жарлығымен «Айбын» орденімен марапатталған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
IPhone Duo смартфондарының экранынан ақау табылды
27.10.2026, 10:07
Бүгін Израильде парламент сайлауы өтеді
27.10.2026, 10:07
Балаларды қорғау жүйесі жетілдіріледі
27.10.2026, 10:06
Соңғы 7 жылдағы жетістіктер ел экономикасын ілгерілетті
27.10.2026, 10:05
1500 шақырым жолдың сапасы ЖИ мен цифрлық технология арқылы тексерілді
27.10.2026, 10:03
Мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат шығындарының мөлшері белгіленді
27.10.2026, 10:01
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33