Вьетнамда әлемдегі ең ұзын шыны көпір ашылды
Вьетнамда таудың ортасында шыны көпір ашылды. Ол 150 метр биіктікте салынған. Жаңа өткел мемлекет астанасы Ханойдың солтүстік-батысында орналасқан Сон Ла провинциясында пайда болды. «Ақ айдаһар» деп аталатын көпірдің ұзындығы 632 метр. Оның үстіне қалыңдығы 40 миллиметрлік шыны үш қабатталып төселген.
Сондықтан бұл жолмен бір сәтте 450 адам жүріп өте алады. Бүгін алғашқы болып туристер өте бастады. Олар бастапқыда қатты қорыққанын және үрейге бой алдырғанын айтуда. Осыған дейін Қытайдың Гуандун провинциясында ұзындығы 562 метр шыны көпір салынып, ол Гиннестің әлемдік рекордтар кітабына енген еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06