Владимир Зеленский Харьков облысына барып, жергілікті әскерилермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Зеленский Харьков облысына барып, жергілікті әскерилермен кездесті

30.05.2022

Украина президенті Владимир Зеленский Харковь облысына барып, жергілікті шенеуніктермен және әскерилермен кездесті. Бұл оның Ресей басып кіргелі Киев облысынан басқа өңірге алғашқы сапары. Кейін Зеленский Харковь облысының қауіпсіздік қызметінің басшысын қызметтен аластатқынын және ол тергелетінін мәлімдеді.

Айта кетсек облыстың үштен бір бөлігі оккупацияға ұшыраған. Украина президенті ол толықтай босатылатынын мәлімдеді. Тағы бір сөзінде Зеленский Северодонецк қаласында барлық маңызды инфрақұрылым қирағанын мәлімдеді.


Тұрғын үйлердің 90 пайызы жермен-жексен болған. Байланыс жоқ. Қазір қала үшін кескілескен шайқас жүріп жатыр. Ресей күштері «Мир»  қонақүйін басып алған. Олардың қала ішіне кіру әрекеттері қарсылыққа тап болды.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу