Еуропа одағы Ресей мұнайына «бірнеше күннің ішінде» эмбарго жариялауға келісуі мүмкін. Мұны Германияның экономика министрі Роберт Хабек мәлімдеді.
Оның тағы бір сөзіне қарағанда, осы одақ пен Америка Құрама Штаттары бір жағынан қазір әлемде «қара алтын» бағасының өсуін тоқтату жолында да жұмыс істеп жатыр.
Айта кетсек, одақтың 27 елінің көбі Ресейдің энергетикалық ресурстарына өте тәуелді. Сондықтан,бұл аймақтық блоққа Мәскеудің мұнайы мен газынан бірден бас тарту оңай болмай отыр. Мәселен, Венгрия эмбаргоға келіспес бұрын энергетикалық инвестиция талап еткен. Ал, Еуропа одағы Орталық және Шығыс Еуропаның ресейлік емес энергияға зәру мемлекеттеріне 2 миллиард еуро көмек ұсынып отыр.
Арыстан Рысбек