Филиппинде жүрдек паром өртке оранып, 7 адам қаза тапты. Жағалау сақшыларының мәліметінше, қайыққа 134 адам мінген. Солардың 120-сы құтқарылып, жетеуі жоғалып кетті. Опат болғандардың бесеуі – әйел. Полилло аралынан шыққан қосқабатты су көлігі ел астанасы Маниланың шығысындағы Кьюзен провинциясына жетуге шақ қалғанда жана бастаған. Түтіннен тұншыққан 23 адамға медициналық көмек көрсетілді. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Бірақ, 7600-ден аса аралдан тұратын Филиппин архипелагында теңіздегі қауіпсіздік сақтала бермейді. Өйткені, кемелер мен өзге көліктердің көбінің тозығы жеткен және оларға адамдар шектен тыс көп алынады. 1987 жылы осы елдің Миндоро аралының маңында жолаушылар паромы мұнай танкерімен соқтығысып, 5 мың адам қайтыс болған.
Арыстан Рысбек