Шымкентте жарылыстан жарақат алғандарға медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жарылыстан жарақат алғандарға медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде

23.05.2022

Шымкентте жарылыстан жарақат алғандарға медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде. Ауруханада жатқан 1 адамның жағдай ауыр, қалған алтауының хәлі орта деңгейде. Оларға қолдан келетін барлық медициналық көмек беріліп жатыр, деді облыстық Денсаулық сақтауы басқармасының басшысы. Сондай-ақ перинаталды орталықтан өзге перезентханаларға ауыстырылған жүкті әйелдер мен нәрстелердің де жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Арнайы құрылған комиссия апаттан келген шығынды есептеп жатыр. Болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Заң бойынша оған кінәлілер 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар жеке кәсіпкерге қатысты прокуратура тергеу жүргізуде. Ол кәсіпкерлік қызметіне байланысты лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу