Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуға немесе мерзімін ұзартуға ниет білдірген шет ел азаматтарының саны көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуға немесе мерзімін ұзартуға ниет білдірген шет ел азаматтарының саны көбейді

17.05.2022

Алматыдағы көші-қон бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының маңында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Мекеме маңын торуылдаған жұрттың арасында екінші күн қатарынан өз кезегін күтіп тұрғандар да бар.

Маруф Мизофризода, Тәжікстан республикасының азаматы:

Бүгін таңғы сағат 06:00-ден бастап осында тұрмын. 4 талон алдым. Бірақ әлі кіре алмай тұрмын. Кірсем, сенің талоныңның уақыты өтіп кеткен, жаңадан ал дейді.

Кезекте тұрғандадрың басым бөлігі шетел азаматтары. Елімізге табыс табу мақатымен келгендер еңбек мерзімін ұзартуды көздейді. Бұл қызметті бұған дейін Ішкі істер министрлігі көрсеткен. Алайда, 2021 жылдың 16 мамырынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына өтті. Салдарынан қазір Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осындай жағдай туындап отыр. Оған қоса күн жылынып, елде нәпақа тапқысы келетіндердің саны күрт өскен.

Сәуле Бертебаева, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ фронт-кеңселерді үйлестіру департаменті директорының орынбасары:

Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуға немесе мерзімін ұзартуға ниет білдірген шет ел азаматтарының саны көбейді. Осы уақытта біз ХҚКО-ның жұмысын жеделдету бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қызметкерлер санын көбейттік. Клиенттерден осы жағдайға түсіністік танытуларын сұраймыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу