Алматы облысы Қарасай ауданында көкпар тартып, көшеде ойран салғандар ұсталды
Алматы облысы Қарасай ауданында көкпар тартып, көшеде ойран салғандар ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ұлттық ойынды 66 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны жиенінің туған күніне арнап өткізген. Қазір ұйымдастырушы мен тәртіпсіздікке қатысқан 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарының мамандары қалғандарын іздестіріп жатыр. Еске сала кетсек, 15-мамыр күні Қарасай ауданында әкімдіктің рұқсатынсыз көкпар өтіп, ат тізгіндегендер көшеге шығып кеткен. Олар автотұрақтардағы темір тұлпарларды қиратып, куәгерлерге қоқан-лоқы көрсеткен еді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06