Анкара Швеция мен Финляндия делегацияларын қабылдамайды
Түркия өзіне санкция жариялаған елдердің НАТО-ға өтуін қолдап дауыс бермейді. Мұны президент Реджеп Тайып Ердоған ескертті. Түрік лидерінің сөзіне қарағанда, Швеция оның қарсыластарына, ең алдымен ислам уағызшысы Фетхуллах Гүлен мен Күрдістан жұмысшы партиясының жақтастарына пана беріп отыр. Анкара оларды террористік ұйымдар деп есептейді. Сонымен қатар, Швеция мен Финляндия Сириядағы соғысқа қатысқаны үшін Түркияға кейбір қару-жарақ түрлерін сатуға тыйым салды.
«Швеция мен Финляндия делегациялары Анкараға келіп, бізді үгіттемекші. Босқа шаршамай-ақ қойсын», - дейді Ердоған.
Айта кетсек, осыдан бірер күн бұрын Стокгольм де, Хельсинки де НАТО-ға өтуге өтініш беретінін ресми түрде растаған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06