«AMANAT» партиясының өкілдері БҚО-ға барды
«AMANAT» партиясының өкілдері Батыс қазақстан облысына барды. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов облыста партияның сайлауалды бағдарламасының ауылдық елді-мекендерде орындалу барысын тексерді. Ал, Орал қаласында зиялы қауым өкілдерімен бірқатар арнайы кездесулер өткізіп, алдағы референдумның маңызын талқылады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың талап тілегін тыңдап, бірнеше мәселелердің биыл оң шешім табатынын айтты. Нақты айтқанда, жыл соңына дейін Теректі ауданы Магистральное ауылының кіреберіс жолы жөнделіп, жаңа емхана бой көтеретінін атап өтті.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Теректі ауданында 40 мыңнан астам тұрғын тұрады. Бірақ, емхана жоқ. Сол себепті, тұрғындардың талап-тілегіне сәйкес, жаңа ғимараттың құрылысы партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілді.Біз бұл емхананы салып, барлық заманауи жабдықтармен қамтитын боламыз.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18