«Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады

16.05.2022

18 мамырдан «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады. Ол электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырлады. Ұпайларды автоматты түрде есептеу үшін электронды калкульятор енгізілмек. 1 маусым күні сағат 23:59-да өтіштерді қабылдау аяқталады. Бұдан әрі 20 жұмыс күні ішінде олардың талаптарға сәйкестігі тексеріліп, ұпайлардың көрсеткіші бойынша тізім жасалады. Шарттарына келер болсақ, қарыздың максиамалды сомасы 18 млн теңге. Пайыздық мөлшерлеме – 5%. Бастапқы жарна 10 процент. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, ЖОО мен ғалыми зерттеу институттарының, әлеуметтік сала мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатыса алады.

Анаргүл Түсіпова, «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры:

Оң шешім алған азаматтар 45 күн ішінде өздеріне ұнайтын пәтерді таңдап әкеліп, пәтірдің құжаттарын банкке тапсыруы керек. 15 күнтізбелік күнді есептейміз. Екінші нарықтан және жаңадан салынып жатқан үйден алу мүмкіндігі бар. Алатын пәтірді міндетті түрде Алматы қаласының аумағынан қарастыру қажет.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу