Ұлттық арна өнімдері түркітілдес елдердің арналарында көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна өнімдері түркітілдес елдердің арналарында көрсетіледі

16.05.2022

«Балапан» телеарнасының өнімдері Түркия мен Әзірбайжан елдерінде көрсетілетін болды. Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің медиа және ақпарат саласына жауапты министрлерінің төртінші құрылтайында осыған қатысты келіссөздер өтті.

Медиа форумға қатысқан «Қазақстан» телерадиокорпорациясы төрайымының орынбасары Илхам Ибрагимов Ұлттық арнаның өнімдерін таныстырып, бірге жұмыс істеуге болатын алаңдарды атап өтті.

Бұдан бөлек Ұлттық арна өндірген деректі фильмдер мен телехикаяларды түркітілдес елдердің жетекші телеарналарында көрсету туралы келісімге қол жеткізілді. Ал панельдік отырыстарда фейк, яғни жалған ақпаратпен бірлесе күресу, медианы манипуляция жасау құралына айналдырмау, цифрлы технологиялардың болашағы сияқты сүбелі мәселелер талқыға түсті.


Хабарламаларға жазылу