Қасым хан туралы фильм жарыққа шықты
«Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильм қалың көрерменге жол тартты. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген кино туынды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Фильм желісі Қасым ханның өмірі, билік құрған кезі мен Қазақ хандығының гүлденіп, нығаюы жолындағы күресті баяндайды. Түсірілімі былтыр басталған фильмнің режиссері Ақан Сатаев. Басты рольдерді Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды белгілі және жас актерлер сомдаған. Тұсаукесерге келген қалың көрермен кейіпкерлермен жүздесіп, фильм жайлы лебіздерін тыңдады. Ал, фильмнің негізгі өзегі түсірілген жері мен ауқымының кең болғанында дейді режиссер.
Ақан Сатаев, кинорежиссёр, «Қазақфильм» АҚ киностудиясының президенті:
Фильмді негізінде 1.5 жылдай түсірдік. 2 айға жуық түсірілім күндері, 2500 адамдай шығармашылық топ. Түсірген жерлеріміз Нарынқол, Қапшағай мен «Қазақфильм» павильондары.
Мақпал Ауғанбай
Автор
Мақпал Ауғанбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03