Жаңа Конституция ел дамуына тың серпін береді
Мәскеуде Конституцияның жаңа нұсқасы талқыланды. Еліміздегі саяси реформалар дамудың жаңа бағытына жол ашпақ, дейді жиналғандар. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мұражайына жаңа Ата-заңның кітап нұсқасы қойылды.
Ықпалды Парламенті бар Президенттік республикаға көшу, билік тармақтары арасында тепе-теңдікті сақтау әділетті мемлекет құрудың маңызды тетігі. Дипломаттар, Мәскеуде уақытша тұрып жатқан отандастар жаңа Конституция ел дамуына тың серіп беретініне сенімді.
Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі:
Әділ Қазақстанды құру бағытын іске асыру шеңберінде Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау қоғамда болып жатқан және оны одан әрі демократияландыруға бағытталған терең өзгерістердің көрінісі болды. Негізгі Заң елдің орнықты дамуы үшін берік негіз құрайды, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін нығайтады және конституциялық құқықтың қазіргі халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров елдің өркендеуі жолындағы бұл қадам ұзақ мерзімді жетістіктерге жетелейтінін айтты.
Тоқтар Әубәкіров, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы:
Егер мемлекеттің символикасы әдемі болса, демек халықтың жаны әдемі. Сондықтан, оны одан әрі дамытып, мемлекетімізді биік шыңдарға көтерсін. Қазақстанымыз дами берсін.
Іс-шараның соңында Ресейдің белді музыкалық оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттер патриоттық әндер шырқап, Отанға деген сағынышын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы