Басты Жаңалықтар Жезқазғанның даму жоспары қаралды

Жезқазғанның даму жоспары қаралды

Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барды. Жезқазған қаласындағы бірқатар өндіріс кәсіпорындарына барып, стратегиялық нысандардың жұмысын көрді.

Бірінші вице-премьер қаланың жылу орталығында болып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді. Қазірден жұмысты дұрыс ұйымдастырып, жылу жүйелері күзге дейін толық дайын болуы тиіс. Әсіресе әлеуметтік нысандардың қыста жылумен қамтылуы Үкіметтің қатаң бақылауында болады деді ол. Сонымен қатар, Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыру жобасымен танысты. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында «Қазақмыс» корпорациясының міндеттемелері уақтылы орындалуын және өңірде кәсіпкерлікті қолдау арқылы инвестиция тартуды тапсырды.


Бөлісу