Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
Жамбылда Президенттің жасыл энергияны дамыту тапсырмасы бойынша Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды. Қуаты 1 гВт болатын жоба аясында сыйымдылығы 600 МВт/сағат энергия жинақтау жүйесі де салынып жатыр.
Сарысу ауданында басталған ірі жобаға Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары 742 млрд теңге жұмсап отыр. Енді алда 440 гектар аумаққа 100-ден астам жел генераторы орнатылады. Заманауи қондырғылар жыл сайын сағатына 3,4 миллиард киловатт электр энергиясын өндіреді. Бұл дегеніміз 880 мыңнан астам жеке сектордағы үйді қуат көзімен қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы нысан жасанды интеллект негізіндегі заманауи технологиялар арқылы басқарылады.
Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы:
Бұл жоба оңтүстік өңірді, электр энергия тапшылығын азайтуға оң әсер етеді. Ал инвестицияға келсек, инвестиция жобасы шамамен 1,4 миллиард АҚШ долларын құрайды. Нысанды пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16