Ветеринария саласын дамытуға 88 млрд теңге бөлінеді
Алдағы 4 жылда ветеринарлардың жалақысы өседі. Осы мақсатта бюджеттен 22 миллиард теңге бөлінбек. Бұл туралы Мал шаруашылығы және Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Сонымен бірге саланы дамытуға, нысандар салуға және зертханаларды жаңартуға 66 миллиард теңге бағытталады. Жиынға қатысқан Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Вице-премьер мемлекеттің мал шаруашылығын қолдауға, оның ішінде жеңілдетілген несие беруге биыл 300 миллиард теңге бөлгенін атап өтті. Сондай-ақ шара барысында мал шаруашылығы мен ветеринария саласының үздіктері марапатталды.
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Министрлік өкілі келесі жылдың соңына дейін ел бойынша 2400-ге жуық ветеринариялық нысан салынатынын жеткізді. Яғни, әрбір ауылдық окургтің жеке ветпункты болады. Мал дәрігерлері бұрынғыдай әкімдік ғимаратында отырмайды. Сондай-ақ, оларды жергілікті атқарушы орган арнайы автокөліктермен қамтымақ.
Қазбек Тәшімов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:
Біздің ветеринария туралы заңға өзгерістер енгізілгелі жатыр. Сол өзгеріс енгізілгеннен кейін жалақыларына қосымша үстемақы төленеді. Қазір әр өңірде жалақы әртүрлі. Кейбір облыстарда 300 мыңға дейін бар. Біздің жоспарымыз бойынша ауылдағы жоғары білімді, тәжірибелі дәрігер 400 мыңға жуық жалақы алуға тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы