Жергілікті әскер су көлігіне «Змеиный» аралының маңында соққы берген. Алайда, ресми Мәскеу бұл оқиғаға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.
Одесса аймақтық әскери әкімшілігінің хабарлауынша, шабуылға ұшыраған су жаңа кеме өртке оранған. Кейбір бақылаушылардың пікірінше,«Змеиный» төңірегінде қайта басталған қақтығыстар Қара теңіздің батысы үшін шайқасқа ұласуы мүмкін.
Президент Владимир Зеленский болса, Ресей қарулы күштерін ақпанның 24-нен бері Украинада 570 медициналық мекемені жойды деп айыптады. Солардың ішіндегі 11 аурухана түгел қираған. Дегенмен, Ресей азаматтық нысандарға шабуыл жасады деген деректерді үнемі жоққа шығарып келеді.
Бұл жанжал ел экономикасына зор шығын әкелді. Украина қаржы министрлігі көрші ел әскерімен ұрысқа 8,3 миллиард доллар жұмсалғанын мәлім етті. Сонымен қатар, министрліктің есебінше, елде сәуір айына жоспарланған салықтың 60 пайызы ғана жиналыпты.
Арыстан Рысбек