Машина жасауда отандық өнімнің үлесі аз
Өткен жылы еліміздегі ең ірі 3 мұнай операторы 310 млрд теңгенің жабдықтарын сатып алған. Өкінішке қарай, оның тек 9 пайызы ғана отандық өнімдер. Бұл туралы мұнай-газ саласында машина жасаушылардың алғашқы форумында айтылды. Қазір аталған салада заманауи жабдықтарға сұраныс артып келеді. Бірақ, отандық өнімнің үлесі аз. Олқылықтың орнын толтыру үшін бірлескен жобалар мен тың идеялар қажет. Пандемия отандық машина жасаушылар үшін үлкен қолбайлау болды дейді қатысушылар. Қазір қордаланған мәселерді біржақты ету үшін елімізде халықаралық орталық құрылған. Бұл ретте тиісті ведомстволар мен мүдделі тараптар аталған ұйыммен бірлесе жұмыс істеуі қажет. Себебі, мәселе бәріне ортақ. Қызығушылық танытқан инвесторларды қолдау да маңызды.
Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:Ішкі нарықты дамыту – кешенді шара, ортақ міндет. Оларды жүзеге асыру үшін мүдделі тараптарды белсенді атсалысуға шақырамын. Әсіресе, мұнай-газ саласындағы ірі операторлар, машина жасаушылар мен мемлекеттік органдар шет қалмауы тиіс. Форум жұмысы жемісті болады деген үміттемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14