Украина армиясы Харковь төңірегінде Ресей әскеріне қарсы қарымта шабуылды жалғастырып жатыр
Украина армиясы Харковь төңірегінде Ресей әскеріне қарсы қарымта шабуылды жалғастырып жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, оның нәтижесінде ресейліктер Украинаның екінші ірі қаласына артиллериямен соққы беретін мүмкіндіктен айрылған. Британ қорғаныс министрлігінің дерегінше, украин жауынгерлері Ресей шекарасына жақын орналасқан бірнеше қала мен ауылды азат етті. Ал, қарсы жақтың қарулы күштері бұл аймақтан кетіп, қайта топтасуға әрекеттеніп жатыр. Дегенмен, Украина бас штабы Ресейдің шығыстағы Кудряшевка және Северодонецк елді мекендері үшін шайқаста біраз табысқа жеткенін хабарлады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06