Алматыда толассыз жауған жаңбырдан бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басты
Қалада нөсер жаңбыр жауып, көшелер мен аулаларды су басып қалды. Синоптиктердің сөзінше мұндай ауа райы әлі бірнеше күнге созылады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:Иә, табиғат тосын мінез танытты. Түске дейін аспан шайдай ашық болған. Әп-сәтте нөсер жауып, қала көшелерін толарсақтан су басты. Шаһарда дауылды ескерту жарияланып, әкімдік тарапынан тиісті шаралар қолға алынып, инерттік материалдар әзірленген. Мақсат су тасқынын болдырмау.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:Көшелерде көлік кептелісі қалыптасып, қозғалыс қиындады. Қалалық құтқару қызметіне шаһардың кей аудандарында аулалар мен көпқабатты үйлердің жер төлелерін су басқаны жайлы хабар келіп түскен. Синоптиктердің сөзінше, мұндай ауа райы алдағы бірнеше күн бойы сақталады. Сондықтан арық жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынып жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03