Алматыда ғасыр жасаған қос ардагерге құрмет көрсетілді
Қазақстан бойынша Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, көзі тірі 380 ардагер болса, олардың 75-і Алматыда тұрады. Бүгін республикалық клиникалық госпиталь қызметкерлері соғысқа қатысқан бірнеше майдангерді құттықтады.
Ғасыр жасаған Ізгілік Дабаев ақсақал 1941 жылы әскерге шақырылып, бірнеше қаланы азат етуге қатысқан. Днепрді жаудан босатқаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әйгілі Курсктегі кескілескен ұрыстағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысы» орденіне ие болған. 1945 жылы желтоқсан айында елге оралыпты.
Ізгілік Дабаев, соғыс ардагері:Үш майданда болдым. Калинин майданы, Батыс майданы, бірінші Украина майданы. 1941 жылы Мәскеуді қорғауға қатыстым. Халқымызда ауызбіршілік болсын деймін.
Биыл 102 жасқа келген Молдабаев Жәпек ақсақал 11 баладан 30 немере, 50-ден аса шөбере сүйіп отыр. Балаларының сөзінше, қария үнемі ынтымақта, ауызбіршілікте болуды өсиет етіп айтып отырады. Ардагер Екінші дүниежүзілік майдан кезінде 37-ші атқыштар дивизиясында пулеметші болған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35