«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция арқылы республикалық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Жиында конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдайтынын жариялады. Партия ұжымы ауқымды саяси реформалар ел экономикасын еселеу мен елдегі бірлік пен ынтымақты арттыруға сеп болады деп санайды. Қазір партия жанынан референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін 17 өңірлік штаб құрылуда. Олардың құрамына орталықтағы және өңірлердегі «AMANAT» белсенділері кірмек.
Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының төрағасы:
Конституциялық реформаға қоғамдық қолдауды ұйымдастыру үшін, партия бар күш жігерін салуға дайын. Референдумның мән-маңызын, азаматтарға жан-жақты түсіндіру үшін партия жанынан республикалық және аумақтық штабтар құрылады.