Алматыда жанармай құйылған автоцистерна өртеніп, өндірістік аймаққа қауіп төндірді
Алматыда жанармай құйылған автоцистерна өртеніп, өндірістік аймаққа қауіп төндірді. Құтқарушылар тілсіз жауды біреше сағат бойы ауыздықтады.
Өрт қай жерде тұтанды?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Кешкі кешкі сағат сегіздер шамасында Төтенше жағдайлар департаментіне Жетісу ауданы Ангарская көшесі 97А мекенжайы бойынша өрт тұтанғаны жайлы ақпарат келіп түскен. 8 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанармай құйылған автоцистерна жанып жатқанын көрген. Құтқарушылардың сөзінше, қызыл жалын екі темір цистернасын шарпып үлгерген екен. Дереу жұмысқа кіріскен мамандар 21:50-де өртті толықтай ауыздықтады.
Зардап шеккендер бар ма?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Айта кету керек, тілсіз жауды ауыздықтауға 28 техника мен 80 адам жұмылдырылды. «Өрт сөндірушілер өміріне қауіп төнсе де, жанар-жағармайы бар 10 резервуарға өрттің таралуына жол бермеді. Сондай-ақ жақын маңдағы өнеркәсіптік аймақты қорғап қалды»,- деп атап өтті ведомстводағылар.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06